ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Assel Kuandykovna Kaishatayeva, Ерлан Майданулы Айтказин · Вестник Академии гражданской авиации · 2023
Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жоспарлануда. Мақалада шет елдердегі дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетіктеріне шолу жасалынып, оларды Қазақстанда енгізу мүмкіндігі талқыланған. Зерттеудің мақсаты медициналық көмектің сапасын арттыруға, медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және науқасқа келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуге кепілдік болатын жүйені ұсыну бойынша шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндіктерін талдау болып табылады. Жүргізілген зерттеулерге шолу негізінде авторлар сақтандырудың бұл түрі бүгінгі күні науқастар мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады, бұл Қазақстан Республикасы үшін сөзсіз қажет және уақытылы деген қорытындыға келеді. Бұл механизмнің басты артықшылықтары ретінде авторлар науқасқа келтірілген залал үшін өтемақыға кепілдік берілетінін және нақты төлем механизмі қалыптасатынын, сонымен қатар медицина қызметкері мен денсаулық сақтау ұйымының келтірілген залал үшін ортақ жауапкершілігінің бекітілуіне қол жеткізілетінін атап көрсетеді.
Cited by 1 works. doi:10.52425/25187252_2023_30_24
Authors
References
- Malpractice and medical liability. European Guidelines on Methods of Ascertainment and Criteria of Evaluation
- Health Transformation Project and Defensive Medicine Practice among Neurosurgeons in Turkey
- Canada’s System of Liability Coverage in the Event of Medical Harm: Is It Time for No-Fault Reform?
- Medical Liability, Defensive Medicine, and Introduction to Professional Insurance in the Republic of Kazakhstan
- Attitude towards of medical errors in Kazakhstan and in the world
- Measuring Main Public Health Indicators of the Republic of Kazakhstan
- Завражский А.В. Анализ отечественного и зарубежного опыта страхования профессиональной ответственности медицинских работников
- Private health insurance in Europe and Turkey
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАМУЫ
- Қазақстан Республикасында тұрмыстық медициналық қалдықтарды жинау және утилизациялау жүйесін енгізу мен құқықтық реттеуді қалыптастыру перспективалары