ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
К. Т. Кабдулина · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2024
Ұсынылып отырған мақалада бүгінгі таңдағы балалар құқығын қорғау саласындағы маңызды мәселелердің бірі бала асырап алу проблемасы болып табылады. Бұл халықаралық бала асырап алу институтының пайда болуымен байланысты. Мұның себебі халықаралық бала асырап алу институты ерекше құқықтық реттеуді талап етеді. Халықаралық бала асырап алу институты ілемдік тәжірибеге өткен ғасырдың орта тұсынан ене бастады. Біршама уақыт өткеннен соң шетелдіктердің бала асырап алуы үйреншікті іске айналды. «Халықаралық бала асырап алу» ұғымына сипаттама беру үшін алдымен құқық ғылымында қолдынылатын «бала асырап алу» ұғымына талдау жасау керек. Бала асырап алу (қыз баланы асырап алу) — асырап алынған бала мен оны тәрбиелеуге алған тұлға немесе тұлғалар араата-анасының қамқорлығынсыз қалған және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын отбасыларға тәрбиелеуге берілетін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттілігі халықаралық бала асырап алу рәсіміне ерекше көзқарасты қарастырады. Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеудегі олқылықтар көбінесе коммерциялық қызметтің объектісіне айналған балалардың құқықтарының айтарлықтай бұзылуына әкелді. Қазақстан Республикасында халықаралық бала асырап алу жылдан жылға өсіп келеді. Кілтті сөздер: халықаралық тәжірибе, асырап алу, шетелдіктер, бала құқықтары, конвенция, тәрбиелеу, ұлттық заң, отбасы.
Cited by 0 works. doi:10.48081/qvwe8374 Open-access PDF