ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛ ҚАУІПІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКА
А.Б. Бекмагамбетов, А М Рахметова, Нургалиева Ж.Ж. et al. · Farmaciâ Kazahstana · 2024
Бұл мақалада құрылыс саласындағы кәсіби тәуекел қаупін бағалау проблемасы, жазатайым оқиғалардың пайда болу себептері және кәсіби сырқаттанушылық бойынша шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдау материалдары қамтылған. Мақалада құрылыстағы өндірістік жарақаттану және кәсіби сырқаттанушылық көрсеткіштері, таңдалған әдістің әртүрлі қасиеттерінің болуын ескере отырып, өндірістік қызметтің ерекшеліктеріне сәйкес келетін және процесс пен нәтижелерді бақылау, қайталанғыштық, тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіптік тәуекелдер деңгейін бағалау әдістері талданды. Бұл мақалада өндірістік жарақаттар статистикасы бойынша зерттеу нәтижелері жинақталған. Еңбек және еңбекті қорғау институты жариялаған құрылыс саласының өндірісіндегі статистика деректері бойынша 2020 жылы жарақаттану саны 59,61% жағдайды құрды. Халықаралық тәжірибеде кәсіби тәуекел қауіпін бағалауда қолданылатын әдістер мен бағдарламалардың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды.
Cited by 0 works. doi:10.53511/pharmkaz.2024.29.26.024 Open-access PDF