НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІ ТЕРЕҢ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУШІНІ ТАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
K. E. TURGANBAY, S. N. Isabaeva, Е.Ж. Теңізбаев et al. · Habaršy. Fizika-matematikalyķ ġylymdary seriâsy · 2024
Мақалада жасанды интеллект арқылы терең нейрондық желіні оқыту арқылы сөйлеушіні тану жүйесі сипатталған. Акустикалық сөйлеушінің деректерін жинау сөйлеуші сигналын өңдеуді, акустикалық және тілдік модельдерді оқытуға арналған үлгіні сәйкестендіру алгоритмдерін, нейрондық желілерді, матрицаны көрсету, векторлық кванттау жолдарын қамтиды. Сөйлеушіні тану жүйелерінде қолданылатын терең нейрондық желілер (DNN − Deep Neural Network) сөйлеушіні тану жүйесінің әдістеріне негізделген. Сөйлеушіні тану үшін дәстүрлі әдістерден жаңа терең оқыту архитектурасына көшу және терең оқыту үлгілерін пайдалана отырып, Марков модельдері, акустикалық бірліктерді модельдеу, статистикалық модельдерде жаңа тәсілдерді салыстыру туралы айтылған. Қазіргі автоматты тану жүйелері негізінен Гаусс қоспасының моделіне (GMM − Gaussian Mixture Model) немесе терең нейрондық желіге (DNN − Deep Neural Network) негізделген және осы жұмыс негізінде акустикалық модельдеуді зерттеу үшін ықтималдық сызықтық дискриминанттық талдау (PLDA − Probability Linear Discriminant Analysis) жүргізілген. Эксперимент нәтижелері терең оқытуды қолдана отырып, осы нейрондық желіні модельдеу сөйлеушіні автоматты түрде танудың әртүрлі тапсырмаларында тиімді екенін көрсеткен. Қарастырылып отырған дерекқордағы нәтижелерден сөйлеушінің тануға қосқан үлесі мен байланысты шектеулерді қамтитын мүмкіндіктері сипатталған.
Cited by 0 works. doi:10.51889/2959-5894.2024.87.3.015 Open-access PDF
Authors
References
- Front-End Factor Analysis for Speaker Verification
- Improving Short Utterance Speaker Recognition by Modeling Speech Unit Classes
- Character-Aware Neural Morphological Disambiguation
- Speech Recognizer-Based Non-Uniform Spectral Compression for Robust MFCC Feature Extraction
- Continuous Speech Recognition of Kazakh Language
- Persian sentences to phoneme sequences conversion based on recurrent neural networks
- VOICE VERIFICATION USING I-VECTORS AND NEURAL NETWORKS WITH LIMITED TRAINING DATA
- БАЛАЛАРДЫҢСӨЙЛЕУІНТАНУҮШІНҚАЙТАЛАНАТЫННЕЙРОНДЫҚЖЕЛІЛЕРНЕГІЗІНДЕАКУСТИКАЛЫҚЖӘНЕЛИНГВИСТИКАЛЫҚМОДЕЛЬДЕУДІЗЕРТТЕУ
- Automatic Speech Recognition System based on Hybrid Deep Neural Networks