ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОРЕЙЛЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙЛІГІ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАР

Zhuldyz Toishubekova, Aibar Kassenalı, Н.А. Тасилова · «Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · 2024

Мақала барысында Қазақстандағы корейлердің этникалық бірегейлігінің қалыптасу үдерісіне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері талданады. Негізгі теориялық ұстаным этникалық бірегейлік ұғымын талдау және Қазақстандағы корейлердің этникалық бірегейлігі мәселесі таңдалды. Мақалада этникалық бірегейлік кез-келген этностың сақталып қалуындағы маңызды фактор ретінде айқындалды. Этникалық бірегейлік – белгілі бір ұлттың ғасырлар бойында қалыптасқан тілі мен дәстүрінің, сонымен қатар әдет-ғұрыптары мен дүниетанымының негізгі көрсеткіштері болып табылады. Этникалық бірегейліктің қалыптасуына әсер ететін сыртқы факторлар өте көп. Солардың бірі бұқаралық ақпарат құралдары. Мақала барысында бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс бағытына қарай этникалық журналистика ұғымының болатындығы ажыратылды. Демек этникалық журналистика нақты бір ұлттың тілінде жұмыс жасауға бейімделеді және сол ұлттың дүниетанымы мен тілінің, тарихы мен дәстүрінің ерекшеліктерін насихаттауға бағытталады. Қазақстандағы корейлердің ұлттық ерекшеліктерін насихаттау көп бағытта жүзеге асып отыр. Негізгі басымдылық мерзімді басылымдарға берілуде. Ел егемендігінің алғашқы жылдарынан бастап корей тілінде телебағдарламалар жарық көре бастады. Қазіргі таңда телебағдарламаларға қарағанда газеттер мен журналдарды белсенді шығару ісі қолға алынған. Мерзімді басылымдар заман талаптарына сай электронды нұсқада да жарияланады. Этникалық бірегейлікті қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының мүкіндіктерін пайдалану өз нәтижесін де беруде.

Cited by 0 works. doi:10.47649/vau.24.v75.i4.03

Authors