ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ҮРДІСТЕРІ МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
Klara Turebayeva, Динара Рамазанова, Gulsum Kussametova et al. · «Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · 2024
Мақалада арнайы педагогтар мен инклюзивті білім беру мамандарын даярлау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеуегі қазіргі таңдағы негізгі мәселелер қарастырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу педагогика ғылымы саласындағы өзекті проблемалардың бірі. Инклюзивті білім беруге қойылатын қазіргі нормативтік талаптар аясында білікті мамандар даярлаудағы негізгі мәселелерді зерттеу. Мақалада қолданылған әдістер ресми және заңнамалық деректерді талдау, сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылармен жүргізілген сауалнаманы қамтиды. Сауалнама білім беру бағдарламасы бойынша маман-кадрлар даярлаудағы кейбір мәселелерді анықтау және оны жетілдіруге бағытталған. Талдау көрсеткендей, негізгі мәселелер студенттердің тәжірибелік даярлығының қазіргі талаптарға сай болуы, оқу материалдарын, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістемелерін жаңарту, сондай-ақ еңбек нарығындағы арнайы педагог мамандарға деген сұраныспен байланысты. Зерттеу нәтижелері инклюзивті білім беруді дамыту үшін маңызды мәнге ие және арнайы педагогтардың білім беру саласындағы стратегияларын қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ұсыныстар тиімді білім беру ортасын құруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.
Cited by 0 works. doi:10.47649/vau.24.v75.i4.11