Статистикалық деректерді терең талдау есептерін excel-де өңдеу процесін автоматтандыру

Жанар Алимова, Ю. В. Улихина, А. З. Даутова et al. · Vestnik Torajgyrov universiteta. Seriâ: fizika, matematika i kompʹûternye nauki · 2024

Мақалада статистикалық деректерді терең талдау есептерін автоматтандыру мәселесі қарастырылады. Ақпараттық технологиялар мен деректер ғылымының қарқынды дамуы деректерді талдауда жаңа әдістерді талап етеді. Microsoft Excel – аналитикалық есептеулер жүргізу үшін кеңінен қолданылатын құрал, алайда үлкен деректерді өңдеу кезінде қайталанатын есептеулердің көптігі автоматтандыру қажеттілігін туындатады. Осыны ескере отырып, Visual Studio Code бағдарламалау ортасында Python тілінде арнайы автоматтандырылған бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама салааралық қатынастар кестесінің деректерін енгізу-шығару әдісін пайдалана отырып өңдейді, нәтижесінде уақытты үнемдеуге, есептеулерді жылдам әрі дәл жүргізуге жағдай жасайды. Бағдарламаның интерфейсі Excel файлдарын өңдеу процесін жеңілдетіп, өңделген мәліметтерді визуализациялауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дерекқорынан алынған (URL: www.oecd.org) 1995 жылдан 2018 жылға дейінгі 66 елден 45 сала бойынша статистикалық тарихи деректері қолданылды. Бұл шешім статистикалық деректермен жұмыс істейтін зерттеушілер мен талдаушылар үшін тиімді құрал бола алады. Нәтижесінде, «Excel файлдарындағы жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған бағдарлама: Excel файлдарын өңдеу» ЭЕМ-ге арналған бағдарламалық өнімге авторлық құқық куәлігі алынып, болашақта осы бағытта жетілдіру мүмкіндіктері белгіленді. Кілтті сөздер: Microsoft Excel, Python, автоматтандыру, деректерді талдау, салааралық қатынастар.

Cited by 0 works. doi:10.48081/wjgw5634

Authors