ҚАЗАҚСТАН – ДІНГЕ АРНАЛҒАН КЕҢІСТІК: ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Serik Kozhanovich Zhetpisov, Gulnar A. Alibayeva, Г. Х. Сеитова · Bulletin of Toraigyrov University Law series · 2025

Ұсынылған ғылыми мақала діндердің детерриторизация процесіне және көші-қон процестері мен діни фактордың өзара әсеріне шолу болып табылады. «Деструктивті діни көзқарастардың трансшекаралық таралу қауіпі: пәнаралық тәсіл негізіндегі құқықтық шешімдер» (AP23489033) ғылыми жобасы бойынша зерттеу тобының мүшелері шекаралас аймақтардағы мигранттардың ең көп шоғырлануын және олардың діни ортаның қалыптасуына әсерін анықтау мәселелері бойынша бастапқы ақпарат алу үшін сауалнама, бақылау, сұрау әдістерін қолдана отырып, далалық зерттеулер жүргізді. Қойылған мәселенің ерекшелігін ескере отырып, далалық зерттеулердің объектісі Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарының халқы болды (Сарыағаш, Түркістан облысының Сарыағаш ауданы; Жаркент, Жетісу облысының Панфилов ауданы; Қордай, Жамбыл облысының Қордай ауданы). Жүргізілген далалық зерттеулер иммиграция, миграциялық транзит және еңбек көші-қоні арқылы Қазақстанға енетін деструктивті діни көзқарастардың қоғамға әсер ету қауіптерін анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында көші-қон қабылдаушы қоғамның діни көзқарастарын күшейтеді деген тезис өзінің негіздемесін тапты. Авторлар көші-қонның аймақтардағы діни жағдайға, оның ішінде деструктивті аспектіде әсері бар деген қорытындыға келді, осыған байланысты осы жағымсыз құбылысқа қарсы іс-қимыл жөнінде бірқатар шаралар ұсынылды. Кілтті сөздер: дін, көші-қон, мигранттар, заңсыз көші-қон, деструктивті діни ағымдар, радикализм, экстремизм.

Cited by 0 works. doi:10.48081/zdnn5227

Authors