ИМПУЛЬСТІК СИГНАЛДАРДЫҢ ТАЛШЫҚТЫ-ОПТИКАЛЫҚ БРЭГГ ТОРЫНА ӘСЕРІ
ҒұмарбекДәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, КЕАҚ, Алматы, Қазақстан, Мухаббат Хизирова, Аbdurazak Kassimov et al. · Вестник Алматинского университета энергетики и связи · 2025
Мақалада импульстік сигналдардың талшықты-оптикалық Брэгг желісінің сипаттамаларына әсері қарастырылады. Брэгг талшықты-оптикалық желісінің жұмыс істеуінің негізгі принциптері және олардың қазіргі заманғы мәліметтерді беру жүйелерінің кілті болып табылатын импульстік сигналдармен әрекеттесуі қарастырылды. Импульстік жиіліктер талшықты-оптикалық желілерде деректерді беру тиімділігіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылды. Жоғары импульстік жиіліктер қосымша ақпаратты беруге мүмкіндік берді, сонымен қатар дисперсия және сызықты емес бұрмалау сияқты жанама әсерлерді арттырды. Бұл деректерді беру сапасын сақтау үшін осы әсерлерді бақылау және өтеудің тиімді әдістерін әзірлеуді талап етеді. Брэгг торлары талшықты-оптикалық қосылымдардың өнімділігін жақсартудың перспективалы құралы болып табылды. Брэгг торларының бірегей сүзгілеу және тұрақтандыру қасиеттерінің арқасында олар импульстік жиіліктерді тиімді басқара алады, дисперсияны өтей алады және сызықтық емес бұрмалануларды азайтады. Сондықтан осы мақаланың негізгі мақсаты – Брегг желілерін пайдалана отырып, талшықты-оптикалық байланыс желілерінің өлшемдеріне импульстік жиіліктердің әсерін зерттеу. Брэгг торлары негізіндегі талшықты-оптикалық тербеліс датчиктері мен талшықты-оптикалық сенсорлардың жұмыс істеу принциптері мен сипаттамаларына талдау жүргізілді. Брэгг торлары негізіндегі талшықты-оптикалық датчиктерді қолданып жүргізілген тәжірибелер және сандық модельдеу нәтижесінде импульстік сигналдардың талшықты-оптикалық желісінің өлшемдерін өзгерту әсерлері анықталды. Алынған нәтижелер талшықты-оптикалық жүйелердің жұмысын оңтайландыру үшін практикалық маңызды болып табылады және оптикалық байланыс арналарын жобалау кезінде пайдалы болуы мүмкін.
Cited by 0 works. doi:10.51775/2790-0886_2025_68_1_122