БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ИНТЕГРАТИВТІ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Ғани Исаев, Мукашева Данагул Мадияровна, Алуа Серікқызы et al. · «Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · 2025

Regional Educational Laboratory Central ғалымдар қауымдастығының ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде интегративті әдіс ең тиімді педогогикалық әдіс есебінде танылды. Білім беру саласының жаһандық өзгеріске бейімделуі оқыту процесін күрделендіреді. Бұл әдіс оқушы мен мұғалім арасындағы тұлғааралық байланыстың қалыптасуына бағытталып, білім берудің парадигмасын қалыптастырады. Оқушының алған білімді өңдеуі арқылы жаңа функционалдық қабілеттері дамиды. Бұл білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылық терминімен анықталады. Білім алушылардың биология сабағында интегративті әдісті қолдану арқылы белсенділік, еркін түрде білім алу, өмірлік принциптері пайда болады. Бұл оқушыларға өз мамандығын жаңылмай таңдауға, сауаттылық деңгейі артып, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып қалыптасуға ұмтылады. Мақала мақсаты - білім алушылардың интегративті әдісті қолдану арқылы функционалдық сауаттылығын зерттеу және оны биология сабағында қолдану ерекшеліктерін нақтылау және дамыту. Интегративті оқытудың биология саласы бойынша Integration Biology Leaning (BIL) әдісімен ұштастыра отырып, оқушыларға басқа пән салаларымен байланысы айшықталды. Зерттеу нысаны ретінде Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебінде 9-сынып оқушыларына интегративті әдіс және интербелсенді әдістерді біріктіру арқылы зерттеу сабағы өткізілді. Оқушылардың таным қабілеттерін, білік дағдыларын біріктіре отырып, жеке құзіреттілікке ие болуына көмектеседі. Зерттеу жұмыстары теориялық және эмпирикалық әдістер арқылы жүргізілді. Зерттеу бөлімінің тақырыбы ретінде 9-сынып биология оқулығы бойынша «Координация және реттелу» бөлімі тандалып алынды. Оқушылар биология пәніне басқа пән саларын кіріктіре отырып, біртұтас оқу жоспарын құруға болатындығын анықтады. Эмипиркалық әдістерді қолдану нәтижесінде, оқушылар биология пәнінде басқа пәндерді кіріктіре отырып, біртұтас білім алуға болатындығын дәлелдеді.

Cited by 1 works. doi:10.47649/vau.25.v76.i1.16

Authors