ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК СЕКТОРЫНДА ЖӘНЕ ЕАЭО ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІН ТАЛДАУ
Zh. D. Dauletkhanova, Lena KHUANYSH, Алия Ерниязова et al. · «Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · 2025
Қаржы секторын цифрлық трансформациялау үдерісі аясында ЕАЭО елдері арасында Қазақстанның банктік секторындағы цифрлық қаржылық қызметтердің қолжетімділік деңгейін талдау осы саладағы ағымдағы жағдайды және даму перспективаларын түсінудің маңызды аспектісі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның банк секторы үшін қаржылық технологиялардың маңыздылығы артып келеді. Қазақстандық банктердің көпшілігі қазірдің өзінде клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту және бизнес-процестерін оңтайландыру үшін мобильді қосымшалар, онлайн төлемдер, блокчейн және басқа да инновациялар сияқты жаңа технологияларды белсенді түрде енгізуде. Мақаланың мақсаты – ЕАЭО елдері арасында Қазақстанның банк секторындағы қаржылық технологияларды дамытудың ағымдағы тенденциялары мен перспективаларын зерттеу. Зерттеу әдістері: талдау және синтез, статистикалық, кестелік, графикалық бейнелеу. Зерттеу пәні ЕАЭО елдеріндегі заманауи қаржылық технологиялардың әсері болып табылады. Зерттеу нәтижелері: ЕАЭО елдерінде, атап айтқанда Қазақстан Республикасында цифрлық қаржылық қызметтердің қолжетімділік деңгейі талданды; Қазақстан Республикасының банк секторында финтех қызметтерін дамытудың оңтайлы бағыттары жөнінде тиісті шаралар бойынша ұсыныстар берілді. Жалпы, қазіргі заманғы қаржылық технологиялар Қазақстанда және басқа ЕАЭО елдерінде банк секторын дамытуда барған сайын маңызды рөл атқаруда. Олар банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуға және бизнес-процестерін оңтайландыруға көмектеседі. Болашақта ЕАЭО елдерінің банк секторындағы технологиялар мен жаңа инновациялардың бұдан да жылдам дамуын күтуге болады.
Cited by 0 works. doi:10.47649/vau.25.v76.i1.24