ҚАЛДЫҚТАРДЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕСІ: АҚТӨБЕДЕГІ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ МЫСАЛЫНДА

Zhandos Kudaibergenov, Айгул Курманалина, Б. Ж. Болатова et al. · «Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · 2025

Бүгінде қалдықтарды төгу орны болып табылатын қалалық қоқыс полигондары күрделі экологиялық және әлеуметтік мәселеге айналып отырғандықтан қалдықтарды тиімді басқару мәселесі өзекті болып табылады. Ақтөбе қаласы Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі ғана емес, сонымен қатар аймақтың маңызды экономикалық және өнеркәсіптік орталығы болғандықтан бұл мәселе ерекше маңызға ие болып отыр. Зерттеудің мақсаты – қоршаған ортаға және жергілікті тұрғындарға тигізетін экологиялық зиянды азайту үшін Ақтөбе қаласындағы қалдықтарды басқару жүйесіндегі негізгі мәселелерді анықтау және оларды оңтайландыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Ақтөбе қаласындағы қалдықтардың пайда болуы және оларды қайта өңдеу деңгейі туралы статистикалық деректерге талдау жасалды. Сондай-ақ, тұрғындардың пікірлері мен осы мәселені тиімді басқару бойынша ұсыныстарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама мәселелерді анықтауға, оның жиілігіне, қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігін бағалауға және жетілдіру бойынша ұсыныстарға қатысты әртүрлі сұрақтарды қамтыды. Жүргізілген зерттеу жұмысы қоқыс полигонындағы мәселелер, атап айтқанда, жағымсыз иістердің ауа сапасы мен өмір сүру деңгейіне теріс әсер ететінін растады. Осы зерттеудің нәтижелері Ақтөбе қаласындағы қоқыс полигондарын басқаруды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін тәжірибеде қолдануға негіз бола алады. Сондай-ақ, бұл аталмыш мәселені жақсырақ түсінуге және болашақ ұрпақтың игілігі үшін оны шешудің тиімді стратегиясын әзірлеуге көмектеседі.

Cited by 0 works. doi:10.47649/vau.25.v76.i1.28

Authors