ЦИФРЛЫҚ БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНА ӘСЕРІ

М.А. Алтынбеков, T. Bekzhanova, Aigul Bakirbekova et al. · «Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · 2025

Мақалада авторлар Қазақстандағы цифрландырудың қазіргі жағдайы мен проблемаларына қатысты мәселелерді қарастырып, талданды. Қазақстанда бүгінгі күні мықты және ғылымды қажетсінетін экономиканы құру, елдің «цифрлық үкіметін» жетілдіру және т. б. үшін инновациялық экожүйелерді қалыптастыру процесі жүріп жатқаны белгілі. Жүргізілген талдауға сәйкес, соңғы жылдары Қазақстандағы технологиялық инновациялар бойынша компаниялардың инновациялық белсенділігінің деңгейі өскені анықталды, бұл елдегі цифрландыру процесінің оң серпінін көрсетеді. Зерттеудің мақсаты - бизнестегі цифрлық трансформация процестерінің Қазақстан Республикасындағы экономикалық көрсеткіштер мен инновациялық дамуға әсерін талдау. Осы мақсатқа жету үшін 2014-2023 жылдарға арналған деректер пайдаланылды, статистикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу әдістемесі аясында кәсіпорындардың цифрлық белсенділік деңгейіне талдау жасалып, инновациялық қызмет көрсеткіштеріне бағалау жүргізілді. Статистикалық модельдер цифрлық трансформацияның экономика мен инновацияға әсерін егжей-тегжейлі зерттеу үшін қолданылады.Талдау барысында бизнестің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану деңгейі, интернет-ресурстарға қол жетімділігі, фирмалардың онлайн режимінде тапсырыс беруге және алуға қатысуы басты назарда болды. Сонымен қатар, жалпы ішкі өнімдегі инновациялық өнімдердің үлесі қарастырылады. Цифрландыру ел экономикасына ғана емес, әлеуметтік қатынастарды да өзгертетіні анықталды. Бұл жаһандық цифрландыру халықтың әртүрлі топтары арасындағы цифрлық алшақтықты азайтатыны көрсетілген. Цифрландырудың бизнеске статистикалық маңызды әсерін көрсететін интернетке қосылу және АКТ-ны пайдалану сияқты негізгі көрсеткіштер анықталған. Зерттеу барысында цифрландыру арқылы инновацияларды ынталандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуын қолдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында цифрлық және инновациялық дамуды қолдау бойынша мониторинг және реттеу шараларын қоса алғанда, бірқатар шаралар ұсынылады.

Cited by 0 works. doi:10.47649/vau.25.v76.i1.35

Authors