ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»
Ж.И. Сардарова, А.А. Керимкулова · 2025
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының кеңістікті бағдарлау дағдыларының дамуы — олардың жалпы танымдық, әлеуметтік және тұлғалық дамуына маңызды әсер ететін факторлардың бірі. Өйткені кеңістікті дұрыс қабылдау және бағдарлау дағдылары баланың өз орнын анықтауға, қоршаған ортада сенімді түрде әрекет етуіне мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде дағдылардың дамуына, әсіресе психикалық дамуы тежелген балалар үшін, олардың оқу процесінде, әлеуметтік қатынастарда және күнделікті өмірде табысты болуына ықпал етеді. Мақалада осы дағдылардың маңыздылығы, дамыту әдістері және осы бағытта жүзеге асырылатын арнайы педагогикалық тәсілдер баяндалған. Кеңістікті бағдарлау дағдыларын дамыту арқылы баланың өзін-өзі түсінуі мен қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас жасау қабілеті артады, бұл олардың өмір сапасын жақсартуға көмектесетіндігі тұжырымдалған.
Cited by 0 works. doi:10.51889/2960-1673.2025.80.1.006 Open-access PDF