ҚОЙДЫҢ КАТАРАЛЬДЫ ҚЫЗБАСЫ КЕЗІНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЮҒА ЖАРАМДЫ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Жумагали Кошеметов, Нургуль Оразымбетова, Умуралиев Бакыт Кудайбергенович et al. · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2025
Бұл жұмыста белсенді тәнді антиген мен сарысуды алу үшін 2007 жылы Тәжікстан Республикасының аумағында ұсақ малдан бөлініп алынған "RT/RIBSP-07/16" қой катаральды қызба вирусының (ҚКҚ) 16 серотипі зерттелді. Сарысуларды алу үшін тірі салмағы 20-25 кг болатын 7-9 айлық қойлар пайдаланылды. Вирус суспензиясын алу және ҚКҚ вирусының "RT/RIBSP-07/16" штаммының антигенін алу үшін стационарлық әдіспен 1,5 литрлік матрацтарда өсірілген VERO торша өсінділері пайдаланылды. Торша өсінділерінің моноқабатын жұқтыру үшін вирустың 0,004 ТЦД50 /кл инфекциялық дозасы және 2% ірі қара малдың сарысуы бар, рН-ы 7,0-7,4 келтірілген ДМЕМ тірек қоректік ортасы қолданылды. ҚКҚ вирусының "RT/RIBSP-07/16" штаммының культуралық суспензияларының антигендік белсенділігі диффузиялық преципитация реакциясында. Мұздатудың антиген белсенділігіне әсерін салыстырмалы талдау жүргізілді. Бір реттен артық мұздатып еріту антигеннің белсенділігін бірнеше рет төмендететіні анықталды. ҚКҚ вирусының концентрацияланған және тазартылған антигенінің негізінде диффузды преципитациялау реакциясында (ДПР) 1:8, 1:32 және комплемент байланысу реакциясында (КБР) 1:128, 1:32 сәйкесінше белсенділігі бар қойлар мен ешкілерде тәнді сарысулар алынды. ҚКҚ вирусының 16 серотипіне алынған тән сарысулар гетерогенді және біртекті антигендермен жоғары ерекшелікті көрсетті. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ҚКҚ вирусының 16 серотипі негізінде зертханалық әдістерді қоюға жарамды тәнді антигендер мен сарысулар алынды.
Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2025-1-1-296-305 Open-access PDF