"ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖОЮ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР "

Р. К. Халаман, К. И. Ахметов, T. Zh. Abylkhassanov · Bulletin of Toraighyrov University Chemistry & Biology series · 2025

"Бұл мақала металлургия, химия және мұнай өңдеуді қоса алғанда, жоғары өнеркәсіптік белсенділікпен, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтармен (ТҚҚ) жұмыс істеудің тиімсіз жүйесімен туындаған Қазақстан Республикасының Павлодар облысындағы экологиялық проблемаларды талдауға арналған. Атмосфераның және су ресурстарының ластануы, полигондарда қалдықтардың жиналуы және олардың халықтың денсаулығы мен аймақтың экожүйесіне кері әсері сияқты негізгі экологиялық қауіптер қарастырылады. Әлемдік іс-тәжірибеде қалдықтарды қайта өңдеу – бұл қалдықтарды экономикада қайта пайдалануды қамтамасыз ету және шикізатты, энергияны, сондай-ақ өнімдер мен материалдарды алу мақсатында өңдеуді қамтитын қызмет. Қалдықтарды кәдеге жарату мен сұрыптаудың заманауи технологияларын енгізу қажеттігін айта отырып, Қазақстанда және басқа елдерде қалдықтарды кәдеге жаратудың қолданыстағы әдістеріне ерекше назар аударылуда. Мақалада әртүрлі елдердегі қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды қайталама шикізат ретінде пайдаланудың сәтті тәжірибесі талданады. Зерттеудің өзектілігі осы салада шұғыл реформаларды қажет ететін Қазақстандағы қалдықтарды басқару саласындағы күрделі жағдаймен анықталады. Осы мақаланың мақсаты қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, заңнаманы жетілдіру және Павлодар облысы тұрғындарының хабардарлығын арттыру арқылы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды ұсыну болып табылады. Зерттеу барысында қалдықтарды басқарудың қазіргі тәжірибесі мен эмпирикалық әдістердің салыстырмалы талдауы қолданылды. Кілтті сөздер: қоршаған орта, экология, кәдеге жарату, Павлодар өңірі, зиянды заттар, қалдықтар. "

Cited by 0 works. doi:10.48081/wvfk7216 Open-access PDF

Authors