ЕШКІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ САЛАСЫ
Бакыт Насырханова, T. E. Kenzhebaev, Мухан Нұралиев et al. · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2025
Мақалада Қазақстандағы ешкі шаруашылығының жай-күйі, болашағы, өнім өндіру көлемі туралы мәліметтер осы сала дамыған елдермен салыстырыла келтірілген. Елімізде өсірілетін негізгі тұқымдар мен оларды шығару, жетілдіруде пайдаланылған генотиптердің өнімділік-тұқымдық қасиеттеріне сипаттама берілген. Отандық ешкі тұқымдарының түрлі өнімділік бағыттар бойынша негізгі селекциялық белгілерінің көрсеткіштері, оларды арттырудың тиімді әдістері сөз болады. Шетелдік ғалымдар ізденістерінің нәтижесі негізінде ешкілердің өнімділік қасиеттерін қарқынды жақсартуда заманауи әдіс – толықгеномдық талдауды пайдаланудың ғылыми-өндірістік маңыздылығы туралы айтылған. Өсімталдық, тезжетілгіштік қасиеттерімен бірге, өте жұғымды сүт және сүт өнімдері, ет, үлкен сұранысқа ие түбіт, басқа да өнімдер алуға мүмкіндік беретін саланың экономикалық-әлеуметтік мәні жан-жақты көрсетілген. Ешкі шаруашылығы өнімдерін дайын өнімге дейін жеткізу мәселесінің өзектілігі мен тиімділігі жөнінде мәліметтер келтірген. Авторлар өнеркәсіптік негіздегі шаруашылықтарға сүтті ешкілерді күтіп-бағу, азықтандырудың ғылыми негізделген технологияларын кеңінен енгізу сүт өнімділігін 10-15% арттыруға, бір аналыққа шаққанда тауарлық сүттің көлемін 90-120 литрге көтеруге мүмкіндік беретіндігін сөз етеді. Мақалада саланы ғылыммен тұрақты қамтуды жолға қойып, ешкі шаруашылығы өнімдерін, әсіресе, етін бағалау бойынша нормативтік құжаттарды игеру, жетілдіру, Евразиялық Экономикалық Одақ мемлекеттері стандартымен үйлестіру және өндіріске кеңінен енгізудің ғылыми-практикалық маңызы туралы өзекті мәселе көтерілген.
Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2025-2-5-217-226 Open-access PDF