ПАССИВТІ ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІ (PON) КОМПОНЕНТТЕРІНДЕГІ АҚАУЛАРҒА ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан, Замира Әділ, Elvira Kadylbekkyzy et al. · Вестник Алматинского университета энергетики и связи · 2025
. Бұл жұмыста пассивті оптикалық желілердің (PON) негізгі құрамдас бөліктерінің (оптоталшық, коннектор және сплиттер) сенімділігіне экологиялық факторлардың әсерін талдау әдістері зерттелді. Қазіргі таңда телекоммуникациялық инфрақұрылымның кеңеюі мен цифрлық қызметтердің артуына байланысты желілердің сенімді жұмысын қамтамасыз ету маңызды міндетке айналды. Осыған байланысты экологиялық факторларды нақты уақыт тәртібінде ескере отырып, істен шығу ықтималдығын бағалау өзекті бағыт болып табылады. Зерттеудің мақсаты — экологиялық факторлардың (температура, ылғалдылық, діріл, шаң және коррозия) өзгерістерінің пассивті оптикалық құрамдас бөліктердің ақау қарқындылығына әсерін модельдеу арқылы анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін MATLAB ортасында имитациялық модельдеу әдістері қолданылды. Әрбір фактордың әсері жеке-жеке қарастырылып, бөліктертердің істен шығу саны динамикалық түрде бағаланды. Имитациялық нәтижелер көрсеткендей, температура мен ылғалдылық факторлары құрамдас бөліктердің істен шығу қарқындылығына ең айтарлықтай әсер етеді. Ал діріл, шаң және коррозия факторларының ықпалы салыстырмалы түрде төмен болды. Әсіресе, оптоталшықтың сенімділігі экологиялық өзгерістерге аса сезімтал екені анықталды, бұл нәтижелер ақаулардың алдын алу және желіні жобалау кезінде экологиялық шарттарды ескеру қажеттігін дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ұсынылған модель сыртқы факторлардың күрделі өзара әсерін динамикалық түрде бағалай отырып, пассивті оптикалық желілердің сенімділігін арттыру бойынша тәжірибелік тұрғыдан құнды ұсыныстар береді. Алынған нәтижелер болашақта оптикалық инфрақұрылымды жобалауда және оның жұмыс жағдайларын оңтайландыруда қолданылуы мүмкін.
Cited by 0 works. doi:10.51775/2790-0886_2025_69_2_223