ПАВЛОДАР ЕРТІС ӨҢІРІНДЕ КАРТОП СОРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ
Т.А. Kabykenov, К. Е. Конопьянов, Ж. Ж. Уахитов et al. · Bulletin of Toraighyrov University Chemistry & Biology series · 2025
Мақалада картоп шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша генетикалық-селекциялық жақсарту және биотехнология негізінде жүргізілген тәжірбиелік зерттеулердің нәтижелері ұсынылған, сонымен қатар жоғары стресске төзімді және өнімділігі жоғары бәсекеге қабілетті отандық сорттарды көбейту үшін бастапқы тұқым шаруашылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.Республикамыздың ғалым селекционерлері картоптың, көкөніс және бақша дақылдарының мол гендік қорын қалыптастырды. 70-тен астам сорт түрлері құрылды, оларды сауықтырудың жаңа биотехнологиялық әдістері әзірленді, бұл Қазақстанның әрбір топырақ-климаттық аймағы үшін экологиялық тұрақты сорт таңдауына мүмкіндік туындайды. Қазіргі таңда зоналық аймақтарда картоптың шетелдік сорттарының 4 түрі пайдалануға рұқсат етілген.Осыған байланысты картоптың өнімділігін арттыру резерівтерінің бірі-өнімділігі және сапасы жоғары, сондай-ақ экономикалық жағынан пайдалы (сақтауға тиімді, ауруларға төзімді, заманауи сорттар т.б.) агроэколгиялық жаңа сорттар. Алайда елдің солтүстік-шығысында осы мәселелерді зерттеу осы уақытқа дейін жүргізілген жоқ. Зерттеулер Павлодар Ертіс өңірінің далалық жағдайында жүргізілді. Мақалада Қазақ Жеміс-Көкөніс ғылыми зерттеу институты селекциясының, үш жыл бойы зерттелген картоптың 1 сортономерінің өнімділігі, крахмалдылығы, ауруларға төзімділігі және асханалық сапалары бойынша алынған нәтижелер келтірілген. Кілтті сөздер: картоп, сорт үлгісі, өнімділік, крахмал, парша, түйнек сапасы.
Cited by 0 works. doi:10.48081/vxqz5922 Open-access PDF