БОТАЙ МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Куаныш Шакшаков, Марат Макеев · «Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · 2025

Ғылыми мақалада Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Ботай қонысы және мәдениетіндегі халықаралық зерттеулердің қысқаша нәтижелері ұсынылған. Ботай қонысындағы 2000 жылдан бастап зерттеу жұмыстары көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, археология ғылымының профессоры, Герман археологиялық институты корреспондент мүшесі Виктор Федорович Зайберттің және археология ғылымдарының докторы, профессор Алан Оутрам (Ұлыбритания, Эксетер университеті) халықаралық топты басқарған ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Солтүстік Қазақстан өңірінде өзінің тарих мектебін қалыптастырып, республика және әлемдік деңгейінде күрделі зерттеулер жүргізіп Ботай, Красный Яр, Баландино және Васильковка қоныстарын зерттеуде білікті мамандар даярлады, біршама істер атқарды. Еуразия және Қазақстанның көне энеолиттік қонысын кешенді зерттеу ісінде де алда болып, шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда еңбектері жарияланды. Мақаланың мақсаты-Виктор Зайберт пен Алан Оутрамның археология ғылымындағы тұлғалар ретіндегі шығармашылығы мен ғылыми еңбектерін зерттеу, аймақ тарихын ғылыми тұрғыдан терең қарастыру және сипаттау және ұрпақтар сабақтастығын ғылыми тұрғыдан түсіну. Отандық және халықаралық археологияны зерттеуге үлкен үлес қосқан ғалымның іргелі ғылыми пайымдаулары қарастырылатын болады. Ботай қонысынан табылған жылқы сүйектерінің кешенді талдау барысында қолға үйретілгендігі дәлелденген.

Cited by 0 works. doi:10.47649/vau.25.v78.i3.04

Authors