БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӘСІПШІЛІК СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ӨЗЕН ШАЯНДАРЫ ЕТІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ
ТУЛЕУОВ АСЫЛАН МУХАМБЕТОВИЧ, Пилин Дмитрий Валерьевич, Б. Е. Нургалиев · Ġylym ža̋ne bìlìm · 2025
Бұл мақалада Батыс Қазақстан облысының негізгі кәсіпшілік су айдындарынан ауланған ұзынашалы өзен шаяндарының (Pontastacus leptodactylus) етінің тағамдық құндылығы кешенді түрде зерттелді. Шаяндардың үш түрлі тобы қарастырылды: табиғи су айдындарынан (Жайық-Көшім және Камыс-Самар жүйелері) ауланған дарақтар және QOS OZEN қабылдау бассейнде экспортқа шыққанға дейінгі ұсталған шаяндар. Зерттеу барысында олардың етінің химиялық құрамы (ылғал, ақуыз, май, күл), энергетикалық құндылығы, аминқышқылдық, май қышқылдық және минералдық құрамы, сондай-ақ майда және суда еритін дәрумендердің мөлшері анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша шаян еті жоғары сапалы диеталық өнімге жататыны дәлелденді. Ең жоғары тағамдық құндылықтар Қамыс-Самар су жүйесінен ауланған шаяндар тобындағы дарақтарда тіркеліп, олардың ақуыз, май және энергетикалық көрсеткіштері басым болды. Аминқышқылдық құрамда лейцин, валин, фенилаланин сияқты алмаспайтын аминқышқылдары айқын басымдық көрсетті. Минералдық заттардан калий, натрий, фосфор, кальцийдің мөлшері жоғары болды. Май қышқылдарының ішінде олеин, линол, линолен сияқты полиқанықпаған қышқылдар және ω-3, ω-6 топтарының үлесі ерекше маңызға ие екені байқалды. Жалпы алғанда, зерттелген шаян еті адам ағзасы үшін құнды аминқышқылдармен, дәрумендермен және микроэлементтермен байытылған. Бұл оны тағамдық және диеталық мақсатта тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында бассейнде ұсталған шаяндардың көрсеткіштері табиғи жағдайдағы шаяндарға қарағанда сәл төмендегенін, алайда тағамдық құндылығын жоймайтынын көрсетті.
Cited by 0 works. doi:10.52578/2305-9397-2025-3-5-307-317 Open-access PDF