БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АРТ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ МОДЕЛІ
Saule Abdrazakhovna Zholdasbekova, Dina Polatovna Madieva, Ғ.С. Каратаев · Журнал серии «Педагогические науки» · 2022
Мақалада болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастырудың маңызы мен мәні анықталды. Болашақ мұғалімдердің шығармашылық және бейнелеу іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру қағидалары белгіленді. Болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі ашып көрсетілді. Жоғары оқу орнының ерекшелігін ескере отырып жалпы дидактикалық, болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығының педагогикалық негізін құрайтын дидактикалық қағидалар, шығармашылық арт-технологиялық іс-әрекетке дайындықты қалыптастыру қағидаларын басшылыққа алынды. мүндағы, жалпы дидактикалық қағидалар: ғылымилық, студенттердің өзіндік ізденісі мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының сабақтастылығы; оқытушы мен студенттің іс-әрекетіндегі ғылыми және практикалық қағидалардің бірлігі, кәсіби ұтқырлық, проблемалық, эмоционалдылық және оқу процесінің басымдылығына мән беру, әлеуметтік-мәдени-интеграциялық қағидасы негізге алынды. Арт-технологиялар-бұл білім беру процесінде тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған әртүрлі өнер түрлерінің формалары, әдістері мен құралдарының жиынтығы. Мақаланың мақсаты болашақ көркем еңбек пәні мұғалімдерінің арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін ашып көрсету. Болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастыруда: жүйелілік ұстаным, мәдениеттанушылық және этнопедагогикалық ұстанымдар негізге алында. Сонымен қатар, болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі үш функционалды блокты қамтитын жүйе болып табылады: мақсатты блок; мазмұндық блок; рефлексивті-бағалау блогы. Болашақ педагогтардың арт-технологиялық іс-әрекетін қалыптастыруға арналған модельдің мазмұндық блогы дайындықтың келесі кезеңдерін - мотивациялық, когнитивті-мазмұндық, іс-әрекеттік, өлшемдік-рефлексивті компоненттерді қамтиды. Модельде адамға қатысты құндылықтық-семантикалық қатынастарды қалыптастыру, тұлғаны қалыптастыру процесі, арт-технологиялық іс-әрекеттің маңызын ұғындыру мәселесі назарға алынды. Болашақ педагогтардың арт-технологиялық іc-әрекетке даярлауды жүзеге асыруда ұйымдастырушылық, басқарушылық, психологиялық шарттарына назар аударылды.
Cited by 0 works. doi:10.48371/peds.2022.64.1.001 Open-access PDF