БИОТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ: ТӘУЕКЕЛ МЕН ПАЙДА АРАҚАТЫНАСЫ

БУЛАБЕК АЯУЛЫМ, Э. Р. Кузенбаева · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2025

Бұл мақалада биотехнология саласында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобаларға инвестиция салудың экономикалық және стратегиялық маңызы қарастырылады. Автор биотехнологиялық жаңалықтарға капитал салу үдерісінде туындайтын негізгі тәуекел түрлерін – ғылыми-техникалық, нарықтық және қаржылық тәуекелдерді талдай отырып, олардың табыс әкелу әлеуетімен байланысын ашып көрсетеді.Мақалада биотехнологиялық стартаптар мен зерттеу орталықтарына инвестиция тартудың ерекшеліктері айқындалады. Инновациялық жобалардың ұзақ мерзімді қайтарымдылығы мен жоғары тәуекелі арасындағы тепе-теңдік мәселесі талқыланады. Сонымен қатар, биотехнология саласындағы инвестициялардың ұлттық экономиканы әртараптандыруға және ғылым мен өндірістің интеграциясын нығайтуға қосатын үлесі атап өтіледі.Зерттеу нәтижелері бойынша, тиімді инвестициялық стратегия биотехнология саласында ғылыми әлеуетті арттырумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықаралық бәсекеге қабілетті өнімдер шығару мүмкіндігін арттыратыны анықталды.

Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.18010449

Authors