ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ МЕН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

АМАНЖОЛ МЕРЕЙ НЕСІПЖАНҚЫЗЫ, ЕРЖЕНБЕК Б. · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2025

Мақалада жалпы білім беретін мектепте физика пәнін оқыту барысында есеп шығарудың маңызы қарастырылған. Есептер шығару физикалық заңдарды оқып-үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімді берік меңгеруге, белсенді болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табандылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі. Зерттеу мақсаты – 7 мен 11 – сыныптарға арналған физика оқу бағдарламасындағы есеп шығарудың классификациясын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау. Физика пәнінен есеп шығару оқушылардың логикалық ойлау, сыни ойлау, зерттеушілік қабілеті мен себеп-салдарлық байланыстарды түсіну дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, физика пәнінен есеп шығару оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,қателермен жұмыс істеу мәдениетін дамытады және өмірлік мәселелерді шешу қабілетін жетілдіріп, өзін-өзі бақылау мен бағалауды жүзеге асыруға ықпал етеді.

Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.18023555

Authors