МЕКТЕП ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ САҚТАЛУ ЗАҢДАРЫН КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

ТАСТАН ҚАЗЫБЕК СҰЛТАНБЕКҰЛЫ, ЕРЖЕНБЕК Б. · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2025

Бұл мақалада орта мектептің 9-сыныбындағы «Сақталу заңдары» тарауын (импульстің сақталуы, реактивті қозғалыс, энергияның сақталу және түрлену заңы) заманауи компьютерлік технологиялар (КТ) арқылы оқытудың әдістемелік мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – сақталу заңдарын меңгеруді жеңілдететін және тереңдететін цифрлық құралдарды (PhET симуляциялары, GeoGebra, Tracker, Google Earth) пайдаланудың тиімді әдістемесін ұсыну. Негізгі назар виртуалды зертханалық жұмыстарды, интерактивті модельдеуді және сандық эксперименттерді оқу процесіне енгізуге, соның арқасында оқушылардың танымдық белсенділігін, тұжырымдамаларды визуалды және сандық түрде түсіну деңгейін арттыруға аударылады. Мақалада әр тақырып бойынша нақты сабақ жоспарлары мен тапсырмалар ұсынылған. Нәтиже ретінде КТ-ны білім беруге интеграциялау оқушылардың физиканы меңгеру сапасын арттыратыны және олардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал ететіні көрсетілген.

Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.18048792

Authors