СТАРОБИНСКИЙДІҢ КОСМОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛІН ДИНАМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ

Ulbossyn Ualikhanova, Е.Е. Құрбан, А.М. Сыздыкова et al. · REPORTS · 2025

Бұл мақалада біз гравитацияның модификацияланған теориялары аясында Ғалам эволюциясының негізгі кезеңдерін талдаймыз. Үдемелі ұлғаю, баяулау параметрін және күңгірт энергия тығыздығын сипаттайтын теңдеулерді пайдалана отырып, біз Ғаламның бастапқыда үдемелі ұлғайуының материя басым фазасын бастан өткергенін көрсетеміз. Ал уақыт өте келе күңгірт энергияның әсері басым болып, ол үдемелі ұлғаю кезеңіне алып келетініне көз жеткіземіз. Біз Ғаламның динамикалық параметрлерінің эволюциясының сандық сипаттамасын беретін Ricci скалярының квадраттық модификациясымен гравитация моделін қарастырамыз. Сандық есептеулер ерте Ғаламда күңгірт энергияның үлесі шамалы болғанын, бірақ бірте-бірте өсетінін және қазір жалпы энергия тығыздығының шамамен 70% құрайтынын растайды. Біздің нәтижелеріміз бақылау деректерімен сәйкес келеді және күңгірт энергия болашақта үстемдік етуді жалғастырады, бұл ғарыштық ұлғайуды одан әрі үдетуге әкеледі деген гипотезаны қолдайды. Бұл зерттеу модификацияланған гравитация теориялары космологиялық эволюцияны түсіндіруде стандартты ΛCDM үлгісіне өміршең балама бола алатынын көрсетеді. Әрі қарайғы зерттеулер астрономиялық бақылаулар арқылы ұсынылған модельді егжей-тегжейлі сынауды және Ғаламның ұлғаю динамикасын реттейтін негізгі параметрлерді нақтылауды қамтуы мүмкін.

Cited by 0 works. doi:10.32014/2025.2518-1483.380 Open-access PDF

Authors