БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қ.Ә. Ибрагим, А.А. Керимбекова, Г.А. Айткулова · Bulletin of Zhetysu University named after I Zhansugurov · 2025

Зерттеудің мақсаты – медициналық колледж студенттерінің эмоционалдық тұрақтылығын, өзін-өзі реттеуін және оқу мотивациясын арттыруда арт-терапиялық тәсілдердің тиімділігін анықтау және эмпирикалық тұрғыда дәлелдеу. Зерттеу идеясы арт-терапияны білім беру ортасында эмоционалдық қолдау, тұлғалық даму және шығармашылық өзін-өзі білдіру құралы ретінде қолдануға негізделеді. Мақалада арт-терапияның теориялық негіздері, оның білім беру процесіндегі психологиялық-педагогикалық әлеуеті және студенттердің эмоционалдық саулығын нығайтудағы рөлі қарастырылады. Ғылыми маңыздылығы – арт-терапияның студенттердің эмоционалдық тұрақтылығы мен әлеуметтік бейімделуіне ықпалын теориялық тұрғыда негіздеу және арт-терапиялық тәсілдердің тиімді механизмдерін анықтау. Практикалық маңыздылығы – медициналық колледж жағдайында арт-терапиялық әдістерді қолданудың нақты жолдарын ұсыну, студенттердің оқу мотивациясын, қарым-қатынас мәдениетін және психологиялық саулығын арттыруға арналған тиімді құралдарды көрсету. Зерттеу барысында суреттерапия, музыкатерапия, драматерапия және ертегітерапия секілді арт-терапиялық тәсілдер қолданылды. Эмпирикалық деректер жинауда диагностикалық әдістемелер, бақылау, салыстырмалы талдау және педагогикалық эксперимент әдісі пайдаланылды. Алынған нәтижелер сандық және сапалық тәсілдер арқылы талданды. Эксперимент нәтижелері студенттердің эмоционалдық тұрақтылығының, өзін-өзі реттеу дағдыларының, эмпатия деңгейінің және оқу мотивациясының айтарлықтай артқанын көрсетті. Эмоциялық шиеленіс деңгейі төмендеп, топтық өзара әрекет, қарым-қатынас мәдениеті мен әлеуметтік бейімделу көрсеткіштері жақсарды. Төмен эмоционалдық тұрақтылық үлесі қысқарып, жоғары деңгейдің өсуі байқалды. Зерттеу арт-терапиялық тәсілдердің студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуына оң әсер ететінін дәлелдеді. Зерттеу арт-терапияның білім беру үдерісін гуманизациялаудың, студенттердің психологиялық әл-ауқатын нығайтудың және олардың шығармашылық әлеуетін ашудың пәрменді құралы екенін көрсетті. Арт-терапия эмоциялық шиеленісті азайтып, өзін-өзі білдіру, эмпатия, топтық өзара әрекет дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер арт-терапияны медициналық колледждерде қолдау құралдары жүйесіне енгізудің өзектілігін және тиімділігін негіздейді. Цель исследования заключается в эмпирическом подтверждении эффективности арт- терапевтических подходов в повышении эмоциональной устойчивости, самооценки, саморегуляции и учебной мотивации студентов медицинского колледжа. Основная идея исследования — рассмотреть арт-терапию как действенный психологический и педагогический инструмент, способствующий гармоничному развитию личности студента, укреплению его эмоционального благополучия и формированию навыков конструктивного взаимодействия. Исследование охватывает теоретические основы арт-терапии и анализирует её психологико-педагогический потенциал в образовательной среде.Научная значимость исследования заключается в уточнении механизмов влияния арт-терапии на эмоциональное состояние и социальную адаптацию студентов, а также в расширении теоретических представлений о её роли в системе профессионального образования. Практическая значимость — в разработке эффективных арт- терапевтических подходов, направленных на повышение учебной мотивации, формирование навыков саморегуляции, улучшение коммуникации и укрепление психологического здоровья студентов. Методология исследования включала применение таких арт-терапевтических методов, как изотерапия, музыкальная терапия, драматерапия и сказкотерапия. В ходе исследования использовались диагностические методики, наблюдение, сравнительный анализ, а также педагогический эксперимент. Собранные данные были обработаны с использованием качественного и количественного анализа. Полученные эмпирические данные свидетельствуют о том, что применение арт-терапевтических методов способствует снижению эмоционального напряжения, повышению уровня эмпатии, развитию навыков самовыражения, улучшению межличностного взаимодействия и адаптационных возможностей студентов. Отмечено значительное увеличение учебной мотивации и профессиональной направленности, а также рост показателей эмоциональной устойчивости. Уровень низкой эмоциональной стабильности снизился, тогда как высокий уровень существенно повысился. Исследование демонстрирует высокую эффективность арт-терапии как инструмента гуманизации образовательного процесса, укрепления психологического благополучия студентов и раскрытия их личностного потенциала. Результаты обосновывают необходимость включения арт-терапевтических подходов в систему психолого-педагогической поддержки образовательных организаций, особенно медицинского профиля. The purpose of the study is to empirically evaluate the effectiveness of art-therapeutic approaches in enhancing emotional resilience, self-regulation, self-expression, and academic motivation among medical college students. The main idea of the research is to conceptualize art therapy as an effective psychological and pedagogical tool that supports students’ emotional well-being, promotes personal development, and strengthens constructive interpersonal interaction. The study explores the theoretical foundations of art therapy and identifies its psychological-pedagogical potential within the educational environment. The scientific significance lies in clarifying the mechanisms through which art therapy influences students’ emotional stability, social adaptation, and communicative competence. The study expands the theoretical understanding of the role of art therapy in professional education. The practical significance is reflected in the development and justification of effective art-therapeutic practices aimed at reducing emotional tension, improving communication skills, increasing academic motivation, and strengthening students’ psychological health.The methodology included the application of art-therapeutic techniques such as art therapy (drawing therapy), music therapy, drama therapy, and fairy-tale therapy. Diagnostic tools

Cited by 0 works. doi:10.53355/zhu.2025.117.4.012 Open-access PDF

Authors

References