ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ «СӨЗ» ҰҒЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Б. Мырзабаева, Dina Alkebayeva et al. · 2025

Қазақ лингвистикасының өзіндік даму тарихы бар. Тіл білімінде жыл өткен сайын ғылымның жаңа салалары пайда болып келеді. Қазіргі тіл біліміндегі өзекті зерттеліп жатқан саланың бірі – сөз, сөз мәдениеті. Адамның сөзін зерттеу – лингвистиканың, психологияның, биологияның, әлеуметтанудың, физиканың және т.б. салалардың тоғысуында пайда болып жатқан әр түрлі ғылымдардың өмірге келуіне ықпал етті. Мақалада негізінен қазақ тіл біліміндегі ғалымдардың сөз бен оның қызметіне қатысты ғылыми пайымдаулары, көзқарастары, тұжырымдары қарастырылып, оның мағынасының шығуы мен тарихын табудың әдіс-тәсілдерінің, жолдарының теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылды. Ғылыми-зерттеудің мақсаты — қазақ тіл білімінің даму тарихында сөзге қатысты зерттеулерді талдау, сөздің мәнін, қызметін ашу, сөзтануды жан-жақты зерттеуді қолға алуды көрсету. Зерттеу жұмысының бағыты - сөзді лингвистикалық, психологиялық, әлеуметтік, когнитивтік аспектілерде кешенді талдау арқылы психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика, сөз мәдениеті, прагмастилистика секілді тіл ғылымдар аясында қарастыру. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы – қазақ тіл білімінде өзекті болып саналатын «сөз» ұғымының мәні мен қызметін ашу, сөзтану ғылымының қалыптасу және даму тарихын көрсету, осы зерттеу тұжырымдарын сөз мәдениеті, сөзтану салаларында қолдану.Зерттеу әдіснамасы ретінде мақсатқа жету үшін мәліметтерді жинақтау, іріктеу, жүйелеу, түсіндіру, талдау, саралау әдіс-тәсілдері қолданылды.Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері - қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде сөз бен оның қызметіне қатысты ғылыми тұжырымдардың да жыл өткен сайын жетіліп, терең зерттеліп, бүгінде сөзтану мен сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық негізінің айқындалғаны анықталады. Тіл мен сөздің зерттеу салалары сараланады.Қазіргі таңда қазақ тіл білімінің жаңа салалары бойынша зерттеулер көп. Әйтсе де ғылыми зерттеуді қажет ететін сөзтануға, әлеуметтік лингвистикаға, психолингвистикаға, сөз мәдениетіне қатысты зерттеулердің қарастырылуы және талдануы жұмыстың құндылығын көрсетеді. Мақаланы жоғары оқу орындарында «Сөзтану», «Әлеуметтік лингвистика», «Сөз мәдениеті» пәндеріне материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеу қорытындысының практикалық маңызы – мақалада талданған сөз бен оның қызметі туралы қазақ тіл ғылымының ғалымдарының тұжырымдарын тілдің жаңа бағыты болып саналатын сөзтану, сөз мәдениетінде қолдана алады.

Cited by 0 works. doi:10.48371/phils.2025.4.79.019 Open-access PDF

Authors