ИНТЕРВАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, КИБЕРИНЦИДЕНТТЕРДІ САРАПШЫЛЫҚ БАҒАЛАУ

Valery Lakhno, Кульжан Тогжанова, Венера Керимбаева et al. · Вестник КазАТК · 2025

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердегі (АКЖ) және аса маңызды компьютерлік жүйелердегі (АМКЖ) ақпараттық (АҚ) және киберқауіпсіздік (КБ) инциденттеріне ден қою міндеттері үшін келісілген сараптамалық бағалауды қалыптастыру моделі баяндалған. Тәсілдің негізінде Дельфи әдісі (ДӘ) жатыр. Жаңалығы мынада, ДӘ киберқауіптердің ерекшелігін көрсететін анық емес интервалдық бағалаулармен және ақпараттық қауіпсіздік көрсеткіштерімен толықтырылған. Қатысушылардың құзыреттілігін және АКЖ немесе АМКЖ қауіпсіздігімен жағдайдың өзгеру динамикасын ескере отырып, сарапшылардың пікірлерін келісу процедурасының математикалық сипаттамасы ұсынылды. Сараптамалық рәсімдерді жүргізуге және қалыптастырылатын бағалаулардың сапасын арттыруға жұмсалатын уақыт пен қаржылық шығындардың қысқарғанын растайтын есептеу эксперименті жүргізілді. Алынған нәтижелер АҚ ахуалдық орталықтарының шешімдерін қабылдауды қолдау жүйелерінде қолданылуы мүмкін.

Cited by 0 works. doi:10.52167/1609-1817-2025-140-5-58-68 Open-access PDF

Authors