ВЕБ САЙТТЫ ҚҰРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛДАР

О.З. Сембиев, А.Б. Баймусаева, Т.М. Ашимова · ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА · 2024

Қазіргі таңда Веб-қосымшаларды құрастырудағы маңызды элементтердің бірі – ол бағдарламалау ортасын дұрыс таңдай білу, сонымен қатар оларды құрастыратын мамандардың дайындық деңгейіне және біліктілігіне байланысты. Бұл мақалада веб сайттардың негізгі түрлері, Web-сайттарды құру кезеңдеріне егжей тегжейлі шолу жасалған. Қарапайым сайтты, яғни байланыс ақпараты бар визиткалық сайтты әзірлеу үшін қолданылатын әдістер қарастырылған. Веб-қосымшаларды жылдам, әрі сапалы етіп құрастыру үшін қажетті бағдарламалау тілдеріне толықтай шолу жасалды. Веб-қосымшаларды әзірлеуге арналған заманауи құралдар, сонымен қатар веб-қосымшаларды құруда қолданылатын бағдарламалау тілдерімен қоса, деректер қорлары, фреймворктар туралы толық ақпарат берілді. Веб қосымшаны құрастыруда қолданылатын бағдарламалау тілдерінің бір-бірінен артықшылығы мен кемшілігі, веб технология құралдарына талдау жасалды.

Cited by 0 works. doi:10.54251/2616-6429.2024.04.18nu Open-access PDF

Authors