МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ҚАДАМДАРЫ
А.Б. Баймусаева, Л.Е. Шаймерденова, Ш.Е. Байсеитов et al. · ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА · 2024
Технологиялық прогресстің арқасында мобильді технологиялар саласындағы көптеген жаңа әзірлемелер күн сайын дерлік пайда болады. Өздеріңіз білетіндей, мобильді қосымшаларды құрастыру процесіндегі маңызды элементтердің бірі – интеграцияланған құрастыру ортасын дұрыс таңдау, ол тек платформаға ғана емес, сонымен қатар оларды құрастыруға қатысатын мамандардың дайындық деңгейіне және біліктілігіне байланысты. Осы ғылыми мақаланың аясында Android операциялық жүйесі үшін мобильді қосымшаларды нөлден бастап құрастыру және өңдеу ерекшеліктері келтірілген. Бұл мақалада мобильді қосымшаларды әзірлеу кімге қажет екендігі, неліктен қосымшаны әзірлеу керек екендігі, мобильді қосымшаларды нөлден бастап құрастырудың және өңдеудің ерекшеліктері, мобильді қосымшаларды құрастыру кезіндегі қиындықтар, Android операциялық жүйесі үшін мобильді қосымшаны әзірлеудің ерекшеліктері, Google Play қолданбасын жариялау саясаты туралы ақпараттар келтірілген.
Cited by 0 works. doi:10.54251/2616-6429.2024.03.06nu Open-access PDF