ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ГЕОСАЯСАТТЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Ж. Утегенова, Е. Д. Исаков et al. · 2025
Бұл мақалада жасанды интеллект технологияларын геосаясатты оқытуда қолданудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды. Жасанды интеллект технологияларын геосаясатты оқытуда қолдану білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады, себебі мұндай технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың білім алу сапасын жақсартып қана қоймай, оларды болашақтағы күрделі геосаяси процестерді талдауға және ғылыми зерттеулер жүргізуге дайындайды. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты – геосаясатты оқытуда жасанды интеллекттің тиімді әдістерін айқындау және оның білім беру сапасына ықпалын жан-жақты талдау болды. Зерттеу жасанды интеллект технологияларының оқыту сапасына ықпалын зерделеген отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге негізделді, сондай-ақ салыстырмалы талдау әдісі арқылы дәстүрлі оқыту тәсілдері мен жасанды интеллектке негізделген инновациялық әдістердің тиімділігі бағаланды. Нәтижесінде білім беру жүйесінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың аналитикалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіні анықталды, дәстүрлі және жасанды интеллектке негізделген оқыту модельдерінің артықшылықтары мен шектеулері салыстырылып талданды. Қазақстанда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне толыққанды енгізу үшін кадрлық ресурстарды дамыту, оқытушыларды даярлау және техникалық инфрақұрылымды жетілдіру қажеттігі көрсетілді, сондай-ақ отандық және шетелдік тәжірибелер негізінде жасанды интеллектті геосаяси білім беруге интеграциялау жолдары ұсынылды. Осы орайда жасанды интеллект технологияларын геосаясатты оқытуға енгізу бірқатар артықшылықтар ұсынғанымен, оны толыққанды қолдану үшін белгілі бір қиындықтарды еңсеру қажет екені атап өтіледі, сондықтан оқытушылардың біліктілігін арттыру, оқу бағдарламаларын бейімдеу және инфрақұрылымды дамыту маңызды. Жалпы алғанда, Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі оқыту жүйесін дамытуға бағытталған шаралар қабылданған жағдайда, бұл технологиялар білім беру сапасын арттырып, оқушылардың аналитикалық және зерттеушілік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Cited by 0 works. doi:10.51889/3005-6217.2025.86.4.009 Open-access PDF