АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ТОПЫРАҚ ТҰЗДАНУЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, К.Л. Мусаев, Ж.Р. Дуйсебаева et al. · 2025
Бұл мақалада топырақ тұздануының ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына тигізетін әсері жан-жақты қарастырылған. Қазіргі таңда топырақтың тұздануы жаһандық деңгейде кең таралған экологиялық және агрономиялық мәселе болып отыр, әсіресе суармалы егіншілік дамыған аймақтарда бұл құбылыс топырақ құнарлылығын төмендетіп, ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігіне теріс ықпал етуде. Тұздану – топырақта суда еритін тұздардың мөлшерден тыс жиналуы нәтижесінде өсімдіктердің өсуі тежеліп, өнімділігі күрт азаятын процесс. Алдымен топырақ тұздануының негізгі себептері мен түрлері сараланып, оның табиғи және антропогендік факторлар арқылы қалыптасатыны баяндалады, әсіресе ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі мен агротехникалық талаптардың сақталмауы тұздану үдерісін үдететіні атап көрсетіледі. Одан әрі тұзданудың әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының физиологиялық және морфологиялық дамуына тигізетін әсері талданып, бидай, жүгері, күріш, соя және тары сияқты негізгі дақылдардың тұзға төзімділігі мен тұзданған жағдайда ұшырайтын өзгерістері сипатталады. Сонымен қатар тұзданудың өсімдіктердің су сіңіру қабілетіне, фотосинтез үдерісіне, иондық теңгерімге және тамыр жүйесінің дамуына әсері түсіндіріледі. Топырақ тұздануымен күресудің агротехникалық, гидромелиоративтік және биологиялық әдістері қарастырылып, ауыспалы егіс, тұзға төзімді сорттарды енгізу, жуғыш суларды пайдалану және органикалық тыңайтқыштарды қолдану сияқты тиімді шаралар ұсынылады. Жалпы, мақала ауылшаруашылық мамандарына, ғалымдарға және экология саласындағы зерттеушілерге арналған, ол топырақ тұздануының салдарын түсініп, оның алдын алу мен тиімді басқару жолдарын ұсынуға бағытталған және келешек ауылшаруашылық тұрақтылығы үшін кешенді тәсілдердің қажеттігін дәлелдейді.
Cited by 0 works. doi:10.51889/3005-6217.2025.86.4.010 Open-access PDF