ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕР: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕҢСЕРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, D.G. Nurpeisova, A.D. Bekebayeva et al. · 2025

Мақалада ғылым саласындағы гендерлік стереотиптердің Қазақстандағы әйел зерттеушілердің кәсіби дамуына, академиялық өсу траекториясына және ғылыми әлеуетін толық жүзеге асыруына тигізетін әсері кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ғылыми-зерттеу және жоғары білім беру институттарында сақталып отырған гендерлік теңсіздіктің әлеуметтік-мәдени, құрылымдық және институционалдық себептерін айқындау, сондай-ақ әйелдердің мансаптық ілгерілеуін тежеуге болатын жасырын және ашық кедергілердің ерекшеліктерін жүйелеу. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, зерттеу салыстырмалы-талдамалық тәсілге, ұлттық және халықаралық әдебиеттерге жүргізілген контент-талдауға, сондай-ақ UNESCO, UN Women, OECD, World Economic Forum сияқты халықаралық ұйымдардың гендерлік индекстерімен деректерге сүйенеді. Мақалада STEM салаларында, ғылыми кадрлық саясатта, жоғары білім және академиялық басқару құрылымдарында қалыптасқан патриархалдық ұстанымдар, гендерлік рөлдерге негізделген кәсіби күтулер, әйелдердің ғылыми қабілетіне қатысты стигмалар мен көзқарастардың көріністері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында халықаралық тәжірибелерге – гендерлік балансты арттыруға бағытталған менторлық бағдарламаларға, институционалдық гендерлік аудиттерге, әйелдер көшбасшылығын қолдау модельдеріне, гендерлік жауапты ғылыми саясаттық қалыптастыру құралдарына талдау жасалады. Бұл тәжірибелердің Қазақстан жағдайында қолданылу әлеуеті мен бейімдеу тетіктері бағаланып, ұлттық ғылыми жүйеде гендерлік саясатты нығайтудың стратегиялық бағыттары ұсынылады. Мақала нәтижелері ғылымдағы гендерлік теңсіздіктің құрылымдық сипатқа ие екенін көрсетеді. Оны еңсеру үшін институционалдық деңгейде кешенді реформалар қажет – деректерді жүйелі жинау, гендерлік индикаторларды енгізу, кадрлық саясатты қайта қарау, сондай-ақ ғылыми ұйымдарда инклюзивті ортаны қалыптастыру.

Cited by 0 works. doi:10.51889/2959-6017.2025.87.4.017 Open-access PDF

Authors