ТҮРКІ-МОҢҒОЛ ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚҰРЫЛТАЙ ИНСТИТУТЫ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
Алматы технологиялық университеті, Б.Ү. Әзімхан, А.М. Джунусбаева et al. · 2025
Мақалада түркі-моңғол дәстүріндегі Құрылтай институтының тарихи-саяси маңызымен оның ұйымдастырушылық ерекшеліктері қарастырылады. Құрылтай – ежелгі дала мемлекеттерінің саяси жүйесінде маңызды орын алған дәстүрлі кеңес формасындағы институт. Ол хан сайлау, әскери жорықтарға қатысты шешім қабылдау, ішкі және сыртқы саясатты айқындау, сондай-ақ тайпалар арасындағы өзара қатынастарды реттеу секілді аса маңызды мәселелерді шешетін алаң қызметін атқарған.Зерттеуде Шыңғыс хан дәуіріндегі Құрылтайлардың империялық басқару жүйесіндегі рөліне, сондай-ақ Алтын Орда, Шағатай ұлысы және Қазақ хандығындағы тарихи сабақтастық дәстүрлерінен нақты тарихи мысалдар негізінде талдау жасалады. Автор Құрылтай институтын тек билік құру құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар ортағасырлық түркі-моңғол қоғамының консенсусқа негізделген басқару мәдениетінің көрінісі ретінде қарастырады. Зерттеу барысында тарихи салыстырмалы, жүйелі, деректанулық және құрылымдық-функционалдық талдау әдістері қолданылған. Сонымен қатар, Құрылтайдың саяси мәдениеттегі орнына, дәстүрлі демократиялық элементтердің көрініс табуына және түркі-моңғол өркениетіндегі тарихи сабақтастыққа ерекше назар аударылады. Бұл зерттеу түркі-моңғол халықтарының саяси тарихын тереңірек түсінуге ықпал етеді және олардың дәстүрлі басқару жүйесінің эволюциясын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік береді.
Cited by 0 works. doi:10.51889/2959-6017.2025.87.4.022 Open-access PDF