ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СУБТИТРЛЕРДІҢ ТЫҢДАУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖАҚСАРТУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Абай атындағы ҚазҰПУ, А. Мұқарбек, Zhuldyz Kurmambayeva et al. · 2025

Бұл мақалада жасанды интеллект (AI) көмегімен автоматты түрде жасалған субтитрлердің шет тілін үйренушілердің тыңдалым дағдыларын жетілдірудегі рөлі қарастырылады. Заманауи AI жүйелері сөйлеуді тану, мәтінді синхрондау және мағыналық дәлдікті қамтамасыз ету арқылы тіл үйрену процесін қолжетімді әрі тиімді етеді. Мақалада AI-субтитрлердің сөздік қорды арттыруға, тыңдалған ақпаратты түсінуге және мазмұнды есте сақтауға тигізетін әсері талданады. Сондай-ақ, оларды сабақта қолданудың әдістемелік ұсыныстары беріледі.Зерттеу нәтижелері AI арқылы жасалған субтитрлерді жүйелі қолдану білім алушылардың оқу мотивациясын арттырып, тыңдалым барысында туындайтын когнитивтік қиындықтарды азайтатынын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл технологиялар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беріп, оқытуды дараландыруға жағдай жасайды. Жалпы алғанда, AI-субтитрлер шет тілін оқытуда инновациялық құрал ретінде тыңдалым дағдыларын тиімді қалыптастыруға ықпал етеді.

Cited by 0 works. doi:10.51889/3078-8463.2025.52.4.004 Open-access PDF

Authors