ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ МАГИСТРАНТТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РӨЛІ

Арнайы педагогика БББ 1 –курс докторанты, Р.Б. Баймухамет, А.Н. Аутаева et al. · Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Специальная педагогика · 2025

Мақалада магистранттардың кәсіби қалыптасуындағы терминологиялық құзыреттіліктің рөліне кешенді талдау жасалады. Магистрант негізгі базалық білімді меңгерген маман болғанына қарамастан, ғылыми аспект тұрғысынан кәсіби құзыреттілікті тереңірек қалыптастыру қажет білім алушылар тобы болып табылады. Олардың кәсібилігі тек қана теориялық білімді меңгеру және оны практика жүзінде қолданумен шектелмейді. Себебі, магистратура академиялық деңгейі ғылыми үрдіске белсенді қатыса алатын кәсіби мамандарды даярлауды көздейді. Демек, мұнда терминологиялық құзыреттіліктің де алатын орны ерекше. Себебі, магистрант үшін өзінің кәсіби саласына қатысты терминдерді білу және оны ғылыми тұрғыдан жетік қолдана білу олардың теориялық-практикалық білімдерінің тиімділігін арттыратын тетік бола алады. Мақала авторлары ұсынылған мақала мазмұнында терминологиялық құзыреттіліктің мазмұнын, компоненттерін теориялық талдау әдісінің негізінде ашып көрсетіп, оның рөліне нақты тоқталады. Сонымен қатар, мақалада терминологиялық құзыреттілікті зерттеген авторлардың еңбектерінен үзінділер келтіріліп, авторлар тарапынан тұжырымдар ұсынылған.

Cited by 0 works. doi:10.51889/2960-1673.2025.83.4.011 Open-access PDF

Authors