ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ФИТОПАТОГЕНДЕРІНІҢ МАУСЫМДЫҚ ЖӘНЕ КӨПЖЫЛДЫҚ ДИНАМИКАСЫ

Р. М. Уалиева, М. А. Чайзабекова, Mariya M. Kaverina · Bulletin of Toraighyrov University Chemistry & Biology series · 2025

Бұл мақалада Қазақстанның солтүстік-шығысында жаздық бидай егістерінде кездесетін фитопатогендердің маусымдық және көпжылдық даму ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу жұмыстары Павлодар облысының әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында 2023–2025 жылдары жүргізілді. Зерттеу барысында бидай дақылдарының фитопатологиялық жағдайына әсер ететін негізгі факторлар анықталып, фитопатогендердің таралуы мен даму қарқындылығының климаттық жағдайлармен байланысы айқындалды. Фитопатологиялық мониторинг нәтижелері бойынша негізгі фитопатогендер ретінде Fusarium, Bipolaris, Alternaria, Septoria және Puccinia туыстарына жататын саңырауқұлақтар тіркелді. Аталған патогендердің таралуы мен зақымдану деңгейі ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері және топырақ ылғалдылығы сияқты гидротермиялық факторларға тікелей тәуелді екені анықталды. Зерттеу нәтижелері жаздық бидай егістерінің фитосанитарлық тұрақтылығын арттыру үшін агротехникалық шараларды оңтайландырудың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, фитопатогендердің динамикасын тұрақты бақылау мен дер кезінде алдын алу шараларын жүргізу өнім сапасы мен көлемін сақтаудың негізгі тетігі болып табылатыны дәлелденді. Кілтті сөздер: жаздық бидай, фитопатогендер, тамыр шірігі, септориоз, қоңыр тат, альтернариоз, Павлодар облысы, агроценоз

Cited by 0 works. doi:10.48081/zoog4326

Authors