ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ
Тұран Университеті, T. A. Toktybekov, С.Р. Буранбаева et al. · 2025
Қазіргі таңда әлемде жергілікті және кең ауқымды әскери қақтығыстар өршіп тұрған жағдайда соғыс қылмыстары үшін кім жауапқа тартылуы мүмкін деген мәселе өзектілігін жойған жоқ. Соғыс ешқашан ақталмайды, себебі ол үнемі қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен қатар жүреді. Дегенмен, қарулы қақтығыстар жағдайында тараптар халықаралық құқық нормаларын сақтауға міндетті, бұл жазықсыз құрбандар мен бүлінудің алдын алуға бағыттайды. Халықаралық гуманитарлық құқық соғыс әрекеттеріне қатысушыларды – комбатанттар мен бейбіт тұрғындар ретінде нақты ажыратады. Мұндай жіктеу кімнің тікелей соғысушы екенін, ал кімнің қорғалуы қажет екенін анықтау үшін қажет. Осыған байланысты мақалада қарулы қақтығыстарға тікелей қатысушылар мен бейбіт тұрғындардың құқықтық мәртебесін айқындайтын халықаралық актілерге талдау жасалды. Зерттеу аясында 1949 жылғы Женева конвенциялары мен оларға 1977 жылы қабылданған Қосымша Хаттамалар жан-жақты қарастырылды. Әсіресе, халықаралық қарулы қақтығыстардың құрбандарын қорғау үшін қабылданған Женева конвенцияларының негізгі ережелерін одан әрі дамытқан I Қосымша Хаттама ерекше назарға алынды. Бұл құжаттарда комбатанттар мен бейбіт тұрғындардың құқықтық жағдайы реттеліп, әскери қақтығыстар жағдайындағы медициналық қызметкерлер мен дін өкілдерінің мәртебесі бөлек көрсетілген. Сонымен қатар, ұсынылып отырған зерттеуде халықаралық және халықаралық емес қарулы қақтығыстардың ерекшеліктері де талданды.
Cited by 0 works. doi:10.52425/25187252_2025_38_274