ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Д.Ж. Белхожаева, Қ. Тұрлыханқызы et al. · 2025
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде жаппай ашық онлайн-курстар оқытудың жаңа цифрлық нысаны ретінде кеңінен қолданылуда. Бұл цифрлық білім беру технологиясы болашақ заңгерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау процесінде, әсіресе қылмыстық-құқықтық бағытта, оқыту контекстінде интеграциялауға үлкен әлеуетке ие. Мақалада қылмыстық-құқықтық пәндерді оқытуда жаппай ашық онлайн-курстарды тиімді қолданудың өзекті аспектілері, олардың интеграция мүмкіндіктері, бейімделу ерекшеліктері және туындайтын әдістемелік және ұйымдастырушылық қиындықтар қарастырылады. Авторлар ЖАОК-тың білім беру процесіндегі рөлі мен маңызын талдай отырып, олардың кәсіби даярлықты арттырудағы әлеуетін, интерактивті құралдар арқылы оқыту сапасын көтеруге, тыңдаушылардың құқықтық жағдайларды тану және олармен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға бағытталған мүмкіндіктерін зерттейді. Сонымен қатар, мақалада ЖАОК форматында қылмыстық-құқықтық пәндерді оқытудың ұйымдастыру ерекшеліктері, әдістемелік тәсілдері және білім алушылардың құқықтық санасын қалыптастырудағы маңызы сипатталады. Қылмыстық-құқықтық пәндер бойынша онлайн-курстарға жаттығулар, сценарийлік тапсырмалар және практикалық модельдер енгізу арқылы оқытудың тиімділігін арттыру жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері цифрлық білім беру кеңістігінде ЖАОК-ты қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен қорытындылар ұсынылады.
Cited by 0 works. doi:10.52425/25187252_2025_38_104