ЦИФРЛЫҚ ІЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚОРҒАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДАҒЫ РӨЛІ

Бауыржан Тынымбаев, Берик Ахметов, Oleksii Kovalenko et al. · Вестник КазАТК · 2025

Университеттің ақпараттық жүйелері (АЖ) күрделі мультисервистік ортаны қалыптастырады. Мұндай АЖ-де цифрлық іздер (ЦІ) пайдаланушылардың белсенділігі туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Мақалада ЖОО АЖ ерекшеліктерін ескере отырып, абстракция деңгейі, шығу тегі, құрылымдылық дәрежесі, функционалдық мақсаты және құпиялылық деңгейі бойынша ЦІ жүйелендірілді. Корпоративтік, әлеуметтік және мультимедиялық жүйелердегі университеттік ЦІ мен іздердің түбегейлі айырмашылықтары көрсетілген. Бұл, атап айтқанда, олардың институционалдылығына, семантикалық қанықтылықтың жоғары деңгейіне және пассивті оқиғалардың үстемдігіне қатысты. ЖОО АЖ-гі пайдаланушылардың мінез-құлқын бағалаудың құрылымдық, кластерлік және жеке деңгейлерін біріктіретін ЦІ-ің интеллектуалды талдаудың көп деңгейлі әдісінің тұжырымдамалық моделі ұсынылған.

Cited by 0 works. doi:10.52167/1609-1817-2025-141-6-306-316 Open-access PDF

Authors