МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ҰЗАҚМЕРЗІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ ҮШІН АНТИФРИКЦИОНДЫ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ

З.А. Ибрагимова, Д.А. Абзалова, Ж.К. Шуханова et al. · ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА · 2025

Бұл мақалада финишті антифркционды абразивсіз өңдеу әдісімен үйкеліске қарсы жабындарды алудың технологиялық процесі ұсынылды. Технология жанасатын беттердің тозуға қарсы қасиеттерін арттыру үшін жөндеу өндірісі жағдайында жүзеге асырылады. Технологиялық процесс болат біліктің бетіне материалды селективті тасымалдау принципі бойынша толтырғыш материалдың бетінен диффузиялық тасымалдау арқылы құрамында мыс бар жұқа жабынды қолданудан тұрады. Қаптау процесі глицерин негізіндегі ерітіндіден және 10% тұз қышқылынан тұратын технологиялық ортада жүреді. Жабынның қалыңдығы 3-5 мкм құрайды. Үйкеліске қарсы жабынның шөгуге төзімділігі болат беттерінің мәндерінен де асып түседі, атап айтқанда, 40Х болаттан жасалған шыңдалған беттің шөгуге төзімділігі 350 Н жүктеме кезінде 39 мин және үйкеліс жылдамдығы 1,5 м/с құрайды, ал зерттелетін үйкеліске қарсы жабынның орнату уақыты 60 мин шөгуге төзімділік шамасының артуы 35% құрайды. Зерттеу нәтижелері жоғары практикалық маңыздылыққа ие және майлау тиімділігі төмен жұмыс істейтін дәл түйісу мен үйкеліс түйіндерін қалпына келтіру жағдайында қолданыла алады.

Cited by 0 works. doi:10.54251/2616-6429.2025.02.008nu

Authors