«КІШІ АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ САЗАН БАЛЫҒЫНЫҢ ОРТАША ҰЗЫНДЫҚ-САЛМАҚТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ»
Ж.З.ЕРМАХАНОВА · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026
Мақалада Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Кіші Арал теңізінің гидрологиялық режиміндегі оң өзгерістер мен соған байланысты сазан (Cyprinus carpio) популяциясының биологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Су тұздылығының төмендеуі балықтардың таралу ареалының ұлғаюына септігін тигізіп, бұрын тұздылығы жоғары болған Бутаков қойнауы секілді аймақтарда сазанның жаппай қоныстануына жағдай жасағаны негізделген. Сонымен қатар, 2016–2025 жылдар аралығындағы көпжылдық деректер негізінде сазанның ұзындық-салмақ көрсеткіштері мен жастық құрылымына кешенді талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері популяциядағы өсу динамикасының құбылмалылығын және кәсіпшілік маңызы бар дарақтардың қазіргі жай-күйін айқындайды.
Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.19048733