ҚАЛАЙЫ НЕГІЗІНДЕГІ ПЕРОВСКИТТІ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ТӨМЕНӨЛШЕМДІ ҚАБАТТЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ РӨЛІ
Ainagul Kemelbekova, Bedelbek M. Nurbaev, Е. В. Дмитриева · REPORTS · 2026
Соңғы жылдары перовскиттік материалдар фотоэлектрлік құрылғыларда жоғары тиімділікке қол жеткізуімен ғылым мен технологияда ерекше қызығушылық тудырып отыр. Әсіресе, қорғасынсыз балама ретінде қалайы негізіндегі перовскиттерді зерттеу өзекті бағытқа айналды. Қалайы перовскиттік күн элементтерінің тиімділігі 14%-дан асып, оларды болашағы зор материалдар қатарына қосты. Алайда, олардың тұрақсыздығы мен деградацияға бейімділігі практикалық қолдануды шектейді. Бұл мәселені шешудің бір жолы – төменөлшемді қабатты перовскиттерді пайдалану. Мұндай құрылымдар бейорганикалық және органикалық қабаттардың кезектесіп орналасуынан тұрады және олардың химиялық құрамына байланысты әртүрлі кванттық жүйелерді түзе алады. Қабатты перовскиттердің артықшылығы – олардың құрамы 3D-перовскиттердегі сияқты А орнындағы катион өлшемімен шектелмейді, сондықтан жаңа композициялар мен құрылымдардың кең мүмкіндіктерін ашады. Осы мақаланың мақсаты – қалайы негізіндегі төменөлшемді қабатты перовскиттердің құрылымдық, электрондық және оптикалық қасиеттерін кешенді түрде талдау, олардың бұрмалану ерекшеліктерін, зоналық құрылымын және экситондық табиғатын сипаттау. Бұл зерттеу нәтижелері болашақта тұрақты әрі тиімді фотоэлектрлік құрылғыларды әзірлеуге негіз бола алады.
Cited by 0 works. doi:10.32014/2026.2518-1483.410