«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫН РӨЛІ

МЫҚТЫБАЙ МУХАММЕД-АЛИ РЫСБЕКҰЛЫ, Н.Қ. ШАМИШЕВА · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026

Бұл мақалада «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы кері байланыстың рөлі қарастырылады. Қазіргі мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтардың пікірін ескеру, қоғам мен билік арасындағы диалогты нығайту және шешім қабылдау сапасын арттыру маңызды факторлардың бірі болып табылады. Зерттеу барысында кері байланыс ұғымының теориялық негіздері талданып, оның мемлекеттік басқарудағы маңызы айқындалады. Сонымен қатар Қазақстандағы кері байланыс механизмдерінің даму тәжірибесі қарастырылып, электрондық үкімет құралдары, e-Өтініш жүйесі және ашық үкімет платформалары арқылы азаматтардың мемлекеттік басқару үдерісіне қатысу мүмкіндіктері талданады. Мақалада дамыған елдердің тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасалады. Зерттеу нәтижесінде кері байланыс жүйесін жетілдіру, цифрлық теңсіздікті азайту, азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың жауап беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар беріледі.

Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.19306577

Authors