МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТТІҢ ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ: РАШ МОДЕЛІ НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ

К.Т. Туралбаева, Г.С. Джарасова, И. Жуматова et al. · «Педагогикалық өлшемдер» ғылыми–практикалық журналы · 2026

Мақалада Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) шеңберінде математика пәні бойынша апробациядан ӛткентест тапсырмаларына жүргізілген психометриялық талдау нәтижелері ұсынылады.Зерттеудің негізгі мақсаты –тесттің ӛлшеу сипаттамаларын бағалау, жеке тапсырмалардың жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтау және тест нәтижелерінің сенімділігі мен валидтілігін қамтамасыз ету.Талдау барысында бір параметрлі Раш моделі (Rasch model) қолданылды. Бұл тәсіл тапсырмалардың күрделілігі мен қатысушылардың дайындық деңгейін бір шкалада қарастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар тесттің сапасын объективті және дәл бағалауға жағдай жасайды. Раш моделі тесттің әрбір элементінің қатысушылар арасындағыайырмашылықты қаншалықты дұрыс кӛрсететінін анықтауға кӛмектеседі.Зерттеу деректері ретінде математика пәні бойынша бір тест нұсқасының апробациясына қатысқан 326тестіленушінің нәтижелері пайдаланылды. Мәліметтер WINSTEPS бағдарламасында (5.8.3.0 нұсқасы) ӛңделіп, тапсырмалардың күрделілігі, қатысушылардың қабілет деңгейі, модельге сәйкестік кӛрсеткіштері (Infit/Outfit MNSQ, ZSTD), дискриминативтілігі және тесттің сенімділігі анықталды.Нәтижелер тесттің жалпы алғанда сенімді екенін кӛрсетті. Сонымен қатар, жекелеген тапсырмалар бойынша мазмұндық және құрылымдық түзетулер қажет екендігі анықталды. Мұндай жетілдірулер тест нәтижелерінің дәлдігін арттыруға, әртүрлі дайындық деңгейіндегі қатысушыларды неғұрлым дұрыс саралауға және тестті қолдану тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Cited by 0 works. doi:10.63597/uto3105-4161.2026.5.1.003

Authors