БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ: ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

А.У. Аннабигин, ЛЕВЧУК АНАСТАСИЯ ДЕНИСОВНА · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026

Мақалада болашақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылық деңгейін бағалаудағы субъективті және объективті көрсеткіштердің сәйкестігі мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтардың нақты цифрлық құзыреттілігіне қойылатын талаптардың артуымен негізделеді.Әдістемесі: Зерттеу аралас (mixed-methods) тәсілге негізделген (N=100). Деректерді жинау үшін Лайкерт шкаласы бойынша сауалнама және практикалық тапсырмалар қолданылды. Құралдардың сенімділігі Кронбах альфасы (alpha = 0.84) және Стьюденттің t-критерийі (p < 0.05) арқылы дәлелденді.Нәтижелері: Талдау барысында білімгерлердің өзін-өзі бағалау көрсеткіштері (75–82%) мен нақты практикалық нәтижелері арасында орта есеппен 8–13% алшақтық бар екені анықталды. Ең үлкен айырмашылық ақпараттық қауіпсіздік (12%) және цифрлық этика (11%) салаларында байқалды. Бұл құбылыс мақалада Даннинг-Крюгер эффектісі және метатанымдық қабілеттердің жеткіліксіздігі тұрғысынан негізделеді.Қорытынды: Зерттеу нәтижелері білім беру бағдарламаларына цифрлық этика мен қауіпсіздік бойынша практикалық кейстерді енгізу және білімгерлердің рефлексиялық дағдыларын дамыту қажеттігін айқындайды.

Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.19484886

Authors