ДАКТИЛЬДІК ЖӘНЕ ЫМ ТІЛІ АРҚЫЛЫ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖАСАУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ
СЕРІКҚЫЗЫ ДАРИҒА, ЕРЖАНОВА Г.Ж. · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026
Бұл мақалада дактильдік және ым тілі арқылы қарым-қатынас жасауды үйретудің педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік маңызы қарастырылған. Авторлар есту қабілеті бұзылған тұлғалардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруда дактиль мен ым тілінің ерекше рөлін айқындай отырып, оларды оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістемелерін талдайды. Мақалада Ш. М. де л’Эпе, С. Хайнике, Л. В. Зайцева, Флери, Т. Г. Богданова сынды ғалымдардың еңбектері негізінде дактиль және ым тілінің даму тарихы мен ғылыми негіздері сипатталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы ым тілі мен дактиль тілі оқытуындағы жетістіктер, ақпараттық технологиялардың енгізілуі және инклюзивті білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер баяндалған. Мақаланың негізгі мақсаты – дактильдік және ым тілі арқылы естімейтін тұлғалардың тілдік және әлеуметтік даму мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын көрсету, олардың қоғамға толыққанды интеграциялануына ықпал ететін педагогикалық шарттарды айқындау.
Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.19501357