СҮТ БЕЗІ ІСІГІ СКРИНИНГІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТӨМЕНДЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

УТЕГЕНОВА ЖАННА АМИРАЛИЕВНА, Джолдыбеков Тимур Садвакасович, ЖОРАБЕК САЯ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ et al. · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ Сүт безінің қатерлі ісігі әйелдер арасындағы сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің жетекші себептерінің бірі болып табылады [1]. Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігіне арналған скринингтік тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі [2]. Соңғы 20 жыл ішінде елімізде онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейінің 33%-ға төмендегені байқалады, алайда онкологиялық сырқаттанушылық, оның ішінде сүт безі қатерлі ісігінің кездесу жиілігі 25%-ға артқан [3]. Жыл сайын Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігінің 5000-ға дейін жаңа жағдайы анықталады [4]. Сонымен қатар, скринингтік бағдарламалар шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің құны нарықтық емдік шаралар жүргізу бағаларымен салыстырғанда 2-3 есе төмен, бұл бағдарламалардың экономикалық тиімділігін көрсетеді [5]. Алайда, аталған шараларға қарамастан, скринингтің тиімділігіне әсер ететін бірқатар ұйымдастырушылық және әлеуметтік факторлар бар, бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін білдіреді. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ: Әйелдерде сүт безі скринингінің тиімділігін төмендететін факторларды талдау және скринингпен жеткіліксіз қамтылу мен патологияның кеш анықталуына әсер ететін негізгі себептерді анықтау. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Cүт безі скринингі және оның маңыздылығы туралы ғылыми дереккөздер бойынша әдеби шолу жасау. 2. Әйелдердің сүт безі скринингі және оның маңыздылығы туралы ақпараттану деңгейін бағалау, сондай-ақ скринингтен бас тарту немесе оны жүйесіз өту себептерін анықтау. 3. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері мен онкологтардың сүт безі скринингін жүзеге асыру барысындағы негізгі мәселелер жөніндегі пікірін бағалау. 4. Сүт безі скринингінің тиімділігіне әсер ететін ұйымдастырушылық және әлеуметтік факторларды талдай отырып, скринингтік бағдарламалардың тиімділігін арттырудың ықтимал жолдарын анықтау.

Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.19533611

Authors