ЖОО-ДА ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ҚЫДЫРБАЙ ГҮЛНАЗ АБАЙҚЫЗЫ, Ы. Бақыткәрім · Zenodo (CERN European Organization for Nuclear Research) · 2026

Мақалада жоғары оқу орындарында химиялық экология пәнін оқыту негізінде студенттердің функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – химиялық экология курсын оқытуда инновациялық педагогикалық тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтау. Зерттеу барысында аралас әдістерге негізделген педагогикалық эксперимент жүргізіліп, бақылау және эксперименттік топтардың нәтижелері салыстырмалы түрде талданды. Эксперименттік топта проблемалық, кейстік, жобалық және контекстік оқыту әдістері кешенді түрде қолданылды. Нәтижелер студенттердің когнитивтік, қолданбалы, сыни ойлау және экологиялық жауапкершілік компоненттері бойынша айтарлықтай оң динамика көрсеткенін дәлелдеді. Статистикалық талдау нәтижелері ұсынылған әдістеменің тиімділігін растады. Зерттеу қорытындылары химиялық экология пәнін функционалдық бағытта оқытудың білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Cited by 0 works. doi:10.5281/zenodo.19984909

Authors